ҚазҰУ оқытушыларына Лондон колледж университетінің Тристан МакКоуэн профессоры тұрақтыдаму тақырыбы бойынша дәріс оқыды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институты ҚазҰУ профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттары үшін БҰҰ күн тәртібінің тұрақты даму мақсаттарын имплементациялаудағы жоғары оқу орындарының рөлі туралы көпшілік дәріс ұйымдастырды.
Дәріс университеттердің дамудың негізгі элементі ретіндегі рөлі туралы болды және олардың білім беру, ғылыми зерттеулер және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесу арқылы қоғам мен экосфераға әсер етуінің маңыздылығын атап өтті. Дәріс барысында БҰҰ күн тәртібіндегі тұрақты дамудың 17 мақсатын (ТДМ) имплементациялау тұрғысынан жоғары оқу орындары қызметінің даму үрдістері мен ерекшеліктері талқыланды. Лондон Университеттік колледжінің мысалында БҰҰ ның 2024 жылға арналған күн тәртібінің 17 ТДМ-ға қол жеткізу мақсатында міндеттемелерді анықтауға ерекше назар аударылды:
- әрбір студенттің оқуға және тұрақтылыққа қатысуға мүмкіндігі бар;
- ТДМ – ға назар аудара отырып, ғылыми зерттеулер жұмысын күшейту;
- 2030 жылға қарай университетте толық көміртегі бейтараптығына қол жеткізу; эко кампус;
- қалдықтарды 20% – ға азайту.;
- кампуста биоәртүрлілігі бар 10,000 шаршы метр жасыл аймақ құру.
Айта кетсек, Лондон университеттік колледжі QS WUR – 9 халықаралық рейтингінде және ТНЕ – 22 орында тұрған әлемдегі жетекші оқу орындарының бірі болып табылады.
Дәріс қорытындысы бойынша ашық талқылау сессиясы өткізілді, оның барысында профессор МакКоуэн ҚазҰУ «GCRF Climate-U» жобасының серіктестер желісіне қосу туралы ұсыныс жасады, бұл университеттің климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі жаһандық күш-жігерге қосқан үлесін нығайта алады. Өз кезегінде, Пан Ги Мун тұрақты даму институтының директоры, Исаева Ж.С., ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді және университеттерді өзгермелі климатқа бейімдеу және оның жағымсыз салдарымен күресу шараларын жүзеге асыруға уәде беретін жобаға университетті біріктіру бойынша жұмысты бастау ниетін растады. «GCRF Climate-U» халықаралық жобасы (өзгермелі климат үшін университеттердің трансформациясы) Климаттық дағдарыстың салдарын азайтуға бағытталған. Жоба Бразилия, Фиджи, Кения, Үндістан және Ұлыбритания сияқты жеті елдегі университеттерді климаттың өзгеруіне қарсы жергілікті бастамалармен жұмыс жасауда белсенді қолдайды.