the International Model United Nations – New Silk Way Mini Conference
2019 жылы 31 қазанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Пан Ги мун атындағы Тұрақты даму Институты Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі – Жаңа Жібек Жолы халықаралық конференциясының бірінші кіші отырысын (MUN NSW) ұйымдастырды. Бұл шара БҰҰның академиялық әсер (UNAI) бастамасы аясында өтті. Шараны БҰҰ Глобалды қарым-қатынас департаментінің өкілетті елшісі Властимил Самик мырза және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры профессор Мұхамбеткали Бүркітбаев құттықтау сөзімен ашып берді.
Конференцияға арнайы келген БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының Еуропалық өңірлік бюросының директоры (UNEP) Бруно Поззи мырза өз сөзінде тұрақты даму мақсатына қол жеткізу үшін экожүйені жақсарту жолдары туралы түйіп айтты. Сондай-ақ, бұл шараға дипломатиялық қоғамдастық бойынша АҚШ-тың Қазақстандағы бас консулы Эрик Мейер және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ысқақов Ерлан мырза қатысты (төбе көрсетті).
Аталған іс-шараға Алматы қаласының әртүрлі университеттерінен 60 астам белсенді студенттер қатысып, конференция барысында екі параллел сессияда делегаттар ретінде Арал теңізінің құрғауының салдары (SDG 13) және гендерлік теңдік пен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту (SDG 5) тақырыптарын әлемдік және аймақтық деңгейде талқылады. Дебаттық клубты қорыта келгенде, жоғарыда талқыланған тақырыптар аясында резолюциялар қабылданып, жыл сайын өтетін БҰҰ ЖЖЖ- 2020 Халықаралық студенттер конференциясы үшін белсенді спикердер іріктеп алынды.
Айта кетейік, 2010 жылдан бері жыл сайын өтетін бұл шара 350-ден астам қатысушыны және Орталық, Оңтүстік және Шығыс Азияның, сондай-ақ, АҚШ пен Еуропаның 20 елінен 100 еріктілерді қамтиды.