Қалдықтарсыз халықаралық күніне арналған пластикалық қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акциясы

2025 жылғы 27 наурызда, БҰҰ күнтізбесіне сәйкес атап өтілетін Қалдықтарсыз халықаралық күн аясында, алғашқы креативті экохабта пластикалық қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акция өтті.
Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтының қолдауымен және Eco Network жобасының жетекшісі Евгений Мухамеджановтың қатысуымен ұйымдастырылды.
Акцияның басты мақсаты – пластикалық қалдықтардың көлемін азайту ғана емес, сонымен қатар жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Қатысушылар пластикалық қақпақтар, пакеттер және басқа да материалдарды сұрыптап, қайта өңдеуге дайындап, саналы тұтынуды дамытуға және қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға үлес қосты.
Тәжірибелік жұмыстан бөлек, шара тұрақты даму саласындағы білімді арттыруға ықпал етіп, ресурстарды ұтымды пайдалану, қалдықтарды қайта өңдеу және қоршаған ортаға деген ұжымдық жауапкершілік маңыздылығын көрсетті. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар білім беру мекемелері, қоғамдық ұйымдар және бизнес арасындағы серіктестікті нығайтып, ұзақ мерзімді экологиялық өзгерістердің негізін қалайтынын атап өтті.