ҚазҰУ студенттері мен ғылыми қызметкерлері БҰҰ-ның болашақ мәселелері жөніндегі Саммит – 2024 аясында бірқатар іс-шараларға қатысты

ҚазҰУ студенттері мен ғылыми қызметкерлері Пан Ги Мун атындағы Тұрақты Даму институтының үйлестіруімен 2024 жылдың 18-23 қыркүйек аралығында өткен "БҰҰ-ның болашақ мәселелері жөніндегі Саммиті" шеңберінде бірқатар іс-шараларға қатысты.

Даму практикасы бойынша магистратура бағдарламасын (MDP) іске қосуға арналған 16-шы халықаралық Пре-Саммит іс-шаралардың бастауын алды. Самитте Пан Ги Мун атындағы Тұрақты Даму Институты MDP бағдарламасының ҚазҰУ түлектерінің білім беру үдерісіне және жұмысқа орналасу әсеріне қатысты презентациялық сөз сөйледі. Пре-Саммит барысында MDP жаһандық қауымдастығына кіретін барлық жоғары оқу орындарының сарапшылары қатысып, серіктестермен ТДМ қағидаттарын білім беру және зерттеу жұмыстарына енгізу тәжірибесін талқылауға және өзара іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік берілді.


MDP бағдарламасы әлемнің түпкір-түпкірінде орналасқан 35 серіктес университеттер арасында жұмыс істейді, олардың ішінде Колумбия университеті, Гарвард университеті,
Берклидегі Калифорния университеті, Австралиядағы Монаш университеті, Миннесота университеті, Ватерлоо университеті, Цинхуа, Тайвань ұлттық университеті, Әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университеті, Малайзия ғылыми университеті және т.б. Айта кетсек, ОА-ның серіктес жоғары оқу орындарының қатарына тек ҚазҰУ кіреді. Сондай-ақ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың MDP жаһандық қауымдастығына кіргелі курс тыңдаушылары 50-ге жуық жобаны іске асырып, олардың 70% – ға жуығы БҰҰ агенттіктеріне және ТДМ іске асыру саласындағы басқа да ұлттық және халықаралық компанияларға жұмысқа орналастырылды.

Оған қоса, Пан Ги Мун атындағы Тұрақты Даму Институты Колумбия университетінің тұрақты даму орталығы (CSD), Даму практикасы бойынша магистратура бағдарламасының жаһандық қауымдастығымен өткен тұрақты даму жөніндегі халықаралық конференция шеңберінде ҚазҰУ студенттері мен ғылыми қызметкерлеріне
арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Конференция ұйымдастырушылар қатарына, Тұрақты даму саласындағы мамандардың халықаралық қауымдастығы (ISSP), "Giti Group" корпорациясы және "Siemens Gamesa Renewable" компаниясы кіреді. Дөңгелек үстелде халықаралық сарапшылар мен ғылыми қоғамдастықтың ТДМ-ға жүзеге асыру, яғни цифрландыру, климаттық өзгерістер, қалалар мен қауымдастықтар, оның ішінде смарт-қалалар, агроазық-түлік жүйелері, тиімді ғылыми зерттеулер мен білім беруді ілгерілету, түрлі секторлардағы басқаруды жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *