Халықаралық Семинар – 2024: “Мақсат үшін серіктестікті Кеңейту” Милкен Инновациялық Орталығымен – Израильмен, Калифорния Университетімен-Берклимен БҰҰ-ның климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл, гендерлік теңдік және Тұрақты Дамудың 17 Мақсаты бойынша күн тәртібіне арналған семинар ұйымдастырылды

Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институты Израильдегі Милкен инновациялық орталығымен және Берклидегі Калифорния университетімен бірлесіп БҰҰ—ның климаттың өзгеруіне қарсы іс—қимыл, гендерлік теңдік және Тұрақты Дамудың 17 Мақсаты бойынша күн тәртібіне арналған семинар ұйымдастырды.

Иерусалим саяси зерттеулер институтындағы Милкен инновациялық орталығының директоры, аға ғылыми қызметкер және Милкен жаһандық институтының қаржылық инновациялар зертханасының негізін қалаушы, профессор Гленн Яго семинарды бастап, сөз сөйледі.


Ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және қаржыландыру саласындағы  зерттеу бағдарламаларымен қатар, “Жасыл Көпір” Жобасы мен БҰҰ күн тәртібіне арналған іс-шаралар талқыланды. Оған қоса, болашақ серіктестіктер үшін ғылыми орталықтар мен зертханалармен таныстыру жүргізілді.


Сонымен қатар, халықаралық қатынастар факультетінің профессоры, доктор Лейла Деловарова, география және табиғатты пайдалану факультеті деканының орынбасары, профессор Айна Рысмагамбетова және профессор-оқытушылар құрамы баяндама жасады.
Семинар соңында қатысушылар экономикалық өсу, әлеуметтік-экономикалық даму, жеке секторға инвестициялар саласындағы болашақ ортақ жобаларды әзірлеуге қызығушылық танытты.


Атап өтерлік жайт, Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму Институты үйлестіруімен ҚазҰУ студенттеріне арналған Тұрақты Қаржыландыру және Импакт Инвестициялары бойынша онлайн-курс басталды. Берклидегі Калифорния университетінің профессорлары еврей Университетінің MBA Бизнес Мектебімен бірлесе отырып, ТДМ шеңберінде қаржыландыру және инвестициялау тақырыптары бойынша дәрістер оқып келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *