Almaty Youth Forum
Құрметті әріптестер!Қазақстандағы ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен жыл сайынғы өңірлік іс-шара — «Almaty Regional Youth Forum 2026: Орталық Азия — тұрақты даму жолындағы бірлестік» өткізілетіні туралы ақпаратты жолдады.Форумға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша алдын ала тіркелуден өту қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfzvxEDl6p38cSfXEa850zWbFfgqJY4hZtdE36EOx9A0Q1gBA/viewform. Тіркелу барлық мүдделі қатысушылар, студенттер мен еріктілер үшін ашық.Форум 2026 жылғы 10–11 тамызда Алматы қаласында өтеді. Негізгі локациялар — Оқушылар сарайы және Almaty Museum of Arts.Форум аясында жоғары деңгейдегі панельдік сессиялар, практикалық воркшоптар, танымал көшбасшылардың TEDx форматындағы сөз сөйлеулері, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің 36 үздік жастар әлеуметтік жобаларының көрмесін өткізу жоспарлануда. Бағдарлама сонымен қатар бастамалар байқауының финалын (Project Battle) қамтиды, оның жеңімпаздары өз идеяларын іске асыру үшін гранттық қолдау алады.Іс-шараның негізгі тақырыптық бағыттары:Форумға қатысуға Орталық Азия елдерінің жас көшбасшылары, студенттер мен волонтерлер, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтың, университеттер мен азаматтық қоғамның өкілдері шақырылады.Осыған байланысты барлық мүдделі тұлғаларды форум іс-шараларына белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл алаң Орталық Азия жастарының әлеуетін ашуға, жастар дипломатиясын нығайтуға және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін өңірлік диалогтың алғашқы тұрақты платформасына айналуға арналған.
Құрметті әріптестер!
Қазақстандағы ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен жыл сайынғы өңірлік іс-шара — «Almaty Regional Youth Forum 2026: Орталық Азия — тұрақты даму жолындағы бірлестік» өткізілетіні туралы ақпаратты жолдады.
Форумға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша алдын ала тіркелуден өту қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfzvxEDl6p38cSfXEa850zWbFfgqJY4hZtdE36EOx9A0Q1gBA/viewform. Тіркелу барлық мүдделі қатысушылар, студенттер мен еріктілер үшін ашық.
Форум 2026 жылғы 10–11 тамызда Алматы қаласында өтеді. Негізгі локациялар — Оқушылар сарайы және Almaty Museum of Arts.
Форум аясында жоғары деңгейдегі панельдік сессиялар, практикалық воркшоптар, танымал көшбасшылардың TEDx форматындағы сөз сөйлеулері, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің 36 үздік жастар әлеуметтік жобаларының көрмесін өткізу жоспарлануда. Бағдарлама сонымен қатар бастамалар байқауының финалын (Project Battle) қамтиды, оның жеңімпаздары өз идеяларын іске асыру үшін гранттық қолдау алады.
Іс-шараның негізгі тақырыптық бағыттары:
Форумға қатысуға Орталық Азия елдерінің жас көшбасшылары, студенттер мен волонтерлер, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтың, университеттер мен азаматтық қоғамның өкілдері шақырылады.
Осыған байланысты барлық мүдделі тұлғаларды форум іс-шараларына белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл алаң Орталық Азия жастарының әлеуетін ашуға, жастар дипломатиясын нығайтуға және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін өңірлік диалогтың алғашқы тұрақты платформасына айналуға арналған.