Climate TRACE ашық деректері: Алматыдағы шығарындылар мен ауаның ластануы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық университеттердің климаттық альянсының (IUCA) мүшесі ретінде Алматының климаттық және экологиялық мәселелерін зерттеуге арналған ашық ақпараттық ресурстарды ұсынады.
Climate TRACE платформасы парниктік газдар шығарындыларының көздерін зерттеуге, оларды азайту мүмкіндіктерін бағалауға және ауаны ластайтын заттардың таралуын зерделеуге мүмкіндік береді.
Алматы қалалық агломерациясы үшін екі интерактивті құрал қолжетімді:
- Шығарындыларды азайту мүмкіндіктері — парниктік газдар шығарындыларын төмендетуге бағытталған ықтимал шараларды зерттеу.
- Ауаның PM₂.₅ бөлшектерімен ластану картасы — платформада көрсетілген көздерден таралатын ұсақ дисперсті бөлшектерді визуализациялау.
Бұл ресурстар студенттерге, зерттеушілерге және қоғамдық ұйымдарға оқу жобаларын әзірлеу, экологиялық мәселелерді талдау және қаланың тұрақты дамуына арналған шешімдерді талқылау барысында пайдалы болуы мүмкін.
Ұсынылған бағалаулар Climate TRACE деректері мен модельдеріне негізделген және ауа сапасын жерүсті мониторингі нәтижелерін толықтырады.