Almaty Youth Forum
Құрметті әріптестер!Қазақстандағы ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен жыл сайынғы өңірлік іс-шара — «Almaty Regional Youth Forum 2026: Орталық Азия — тұрақты даму жолындағы бірлестік» өткізілетіні туралы ақпаратты жолдады.Форумға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша алдын ала тіркелуден өту қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfzvxEDl6p38cSfXEa850zWbFfgqJY4hZtdE36EOx9A0Q1gBA/viewform. Тіркелу барлық мүдделі қатысушылар, студенттер мен еріктілер үшін ашық.Форум 2026 жылғы 10–11 тамызда Алматы қаласында өтеді. Негізгі локациялар — Оқушылар сарайы және Almaty Museum of Arts.Форум аясында жоғары деңгейдегі панельдік сессиялар, практикалық воркшоптар, танымал көшбасшылардың TEDx форматындағы сөз сөйлеулері, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің 36 үздік жастар әлеуметтік жобаларының көрмесін өткізу жоспарлануда. Бағдарлама сонымен қатар бастамалар байқауының финалын (Project Battle) қамтиды, оның жеңімпаздары өз идеяларын іске асыру үшін гранттық қолдау алады.Іс-шараның негізгі тақырыптық бағыттары:Форумға қатысуға Орталық Азия елдерінің жас көшбасшылары, студенттер мен волонтерлер, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтың, университеттер мен азаматтық қоғамның өкілдері шақырылады.Осыған байланысты барлық мүдделі тұлғаларды форум іс-шараларына белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл алаң Орталық Азия жастарының әлеуетін ашуға, жастар дипломатиясын нығайтуға және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін өңірлік диалогтың алғашқы тұрақты платформасына айналуға арналған.
Толығырақ