Өмір бойы білім алу іс-шараларына тең қолжетімділік
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті университет ұсынатын білім беру бағдарламаларына, ашық дәрістерге, біліктілікті арттыру курстарына, мәдени іс-шараларға және өмір бойы білім алудың басқа да түрлеріне тең әрі инклюзивті қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Академиялық саясаттың 2.15-тармағына және 8-бөліміне сәйкес университет білім алушылардың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Барлық қатысушыларға жынысына, нәсілдік немесе этникалық тегіне, діни сеніміне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мүгедектігіне, денсаулық жағдайына немесе өзге де жеке мән-жайларына қарамастан тең қарым-қатынас жасалуға тиіс. Университет кемсітушілікке, буллингке және қудалауға мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады.
Бұл қағидаттар университеттің білім беру және өмір бойы білім алу іс-шараларының барлық қатысушыларына, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына, мигранттарға, босқындарға және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Этникалық тиесілігіне, дініне, мүгедектігіне, көші-қон мәртебесіне немесе жынысына байланысты аталған іс-шараларға қатысуға шектеу қойылмайды.
Университет мүгедектігі бар адамдарға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар өзге де қатысушыларға қажетті қолдау мен тиісті оқу жағдайларын қамтамасыз етеді.